Алғыс айтамыз

Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет.

Мамандандырылған балалар үйі ұжымы мен бүлдіршіндері атынан I-TORT кондитерлік желісіне және Айгерим Калеловаға балаларымызға сыйлаған үлкен әрі әдемі торт үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Балаларымызға арналып жасалған жарқын түстермен безендірілген үш қабаттан тұратын торт балдырғандарымыздың көңілінен шығып оларға мерекелік көңіл күймен шексіз қуаныш сыйлады.

«Мейірімділік» – адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді.

Сүйкімді бүлдіршініміз Санжарға оңалтуға арналған жүріс арбасын сыйға бергені үшін мейірімді жанға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет – ол жанашырлық.

Балалар үйі ұжымы мен бүлдіршіндері атынан Шодиев Фаттах Каюмович мырзаға сұлу қыздарымызға арналған әдемі көйлектер, сымбатты ұлдарымызға арналған жылы киімдер, ыңғайлы аяқ киімдер мен қыстық комбензондар үшін алғысымызды білдіреміз.