Біздің жаңалықтар

Бүгін мекемемізде «Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті. Мекеме ұжымы жұмыс күнін Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен бастады.

«Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, балаларымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

Бүгін «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы келді.

Дәулет Жамаубайұлы үйіміздің кішкентай тұрғындарының арнайы мерекелік бағдарламасының қадірлі қонағы болып, мерекелік шара соңында бүлдіршіндерімізге сыйлықтар таратып берді.

Бақытты балалық – дені сау дамушы қоғамды қалыптастырудың айнымас шарты. Ал балаларға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық көрсету.

Балаларды қорғау күні – әр баланың қауіпсіздігі, денсаулығы мен бақытты балалық шағы үшін қоғамның жауапкершілігін еске салатын ерекше мереке.

Бүгін мереке қарсаңында елордалық балалар үйіне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы арнайы жұмыс сапарымен келіп, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады.

Жұмыс сапары барысында Ақмарал Шәріпбайқызы балалардың өмір сүру жағдайымен, медициналық көмектің ұйымдастырылуымен және ерте жастағы балаларға арналған «Аққанат» күндізгі оңалту топтарының қызметімен танысты.

Шуақты жаздың алғашқы күні 1 маусым – халықаралық деңгейде аталып өтетін «Балалар» мерекесі. Бұл күні балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғау, оларға қамқорлық жасау дәріптеледі. Осындай мейірімге, жылулық пен қуанышқа толы мереке – балдырғандардың қуанышты жанары мен сыңғырлаған сәби күлкісі арқылы ерекшеленеді.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Ғажайып гүлдер әлемі» атты салтанатты іс-шара өтті.