Құрметті Мамандандырылған балалар үйінің сайтына кірушілер!

Баланы асырап алушылар баланы таңдау үрдісі және баланы асырап алу заңнамасымен регламенттелгені жайлы  хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 115 бабына сәйкес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты  мән-жайларын негiзге ала отырып, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, балаларды орналастырудың нысандарын таңдау, сондай-ақ оларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын  одан әрi бақылау жергілікті атқарушы  органдарға   жүктеледі.

Осылайша, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды Астана қаласы Білім басқармасының қамқоршы және  қорғаншы органы жүргізеді.

2023 жылғы 01 наурыздағы есеп бойынша Балалар үйінде 73 бала тәрбиеленуде, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 12 бала, 25 бала отбасы дағдарыстық жағдайға тап болуына байланысты  ата-анасының өтініші негізінде   уақытша орналастырылған. 36 бала мекеменің күндізгі топтарына келеді.

Жалпы балалар санының 26-сы мүгедек балалар және олардың дамуындағы туа біткен ақаулықтары бар. Оның ішінде 24 бала күндізгі «Күнім», «Жұмбақ» оңалту тобының балалары.

2018 жылдың 25 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы  №1008 «Туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» бұйрығы негізінде мекемеде мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудың күндізгі бөлімшесі ашылды. Қазіргі таңда қамқоршы және қорғаншы органының жолдамасы және баланың тұратын мекен-жайы бойынша орналасқан емхананың қолдаухаты негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудың күндізгі бөлімшесінде 13 бала орналастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға бағытталған «Күнім» тобы жұмыс істейді. Болу мерзімі 3 ай. Балалардың жасы 1,5-4 жас. Осы уақыт ішінде балалар оңалту қызметтерін дәрігер-реабилитологтың тағайындауына сәйкес алады.

Ата-анасы өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылардан шыққан балалар үшін күндізгі «Ботақан» тобы жұмыс істейді. Болу мерзімі 6 ай.

Балалардың жасы 0-ден 4 жасқа дейін. «Ботақан» күндізгі болу тобын ашудың мақсаты баланың үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ата-аналарға білікті көмек көрсету, әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған.

Балалар үйінде орналастырылған балалар алғашқы есепке қойылған және Республикалық  мәліметтер базасына енгізілген, оның қалыптасуы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасындағы балалардың  құқықтарын қорғау  бөлімі  бойынша   өкілетті орган – Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігінің Бала құқықтарын қорғау  комитеті белгілейді.

Осыған байланысты, асырап алуға үміткер  ретінде  тіркелген  және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия  ақпаратқа қол жеткізу процедурасын орындаған жағдайда, белгілі бір баланың медициналық түйіндемесімен танысу үшін берілген жолдамамен, порталда белгіленген қабылдау  кестесіне сәйкес үміткердің келуге  құқығы бар.

Қиындықтар болған жағдайда кандидат Республикалық деректер базасын техникалық қолдау қызметіне жүгінуге құқылы (rbd-kopd.kz) келесі байланыс нөмірлері бойынша 8 (7172) 24 90 67, 8 707 204 68 90 (Whatsapp) немесе электрондық мекенжайы бойынша: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Астана қаласы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі – 55 68 79.

Сұрақтар туындаған жағдайда Балалар үйінің порталмен жұмыс атқарушы қызметкермен  +7 7172 56 12 61 телефон номері бойынша хабарласуға болады.