Дағдарыстық бөлімнің қызметі
Мамандандырылған балалар үйінің сайтына кірушілердің мәліметіне – мекемеде Астана қаласы әкімдігінің №106-486 қаулысы негізінде ашылған дағдарыстық бөлім қызмет атқарады, бұл бөлім ата-анасының материалды, тұрмыстық жағдайы қиын балаларға арналған.
Биологиялық отбасын сақтап, баладан бас тарту қауіпін жою мақсатында әлеуметтік қиын жағдайға тап болған әйелдер қамқоршы қызметін атқарушы Астана қаласының Білім басқармасының қамқоршы және қорғаншы органына барып, аталған бөлімге баласын уақытша орналастыруға құқылы.
Мемлекет қамқорлығында уақытша орналасу мерзіміне өткен кезде, баланың ата-анасының қамқоршы және қорғаншы органы қарастыратын қайтару туралы өтініші бар болса, еш қиындықсыз баласын үйіне алып кете алады.
Мәлімет үшін:
2016 жылы биологиялық отбасына 38 бала қайтарылды;
2017 жылы ата-анасының үйіне 36 бала қайтарылды;
2018 жылы биолгиялық отбасының тәрбиесіне 30 бала берілді.
2019 жылы ата-анасының үйіне 32 бала қайтарылды;
2020 жылы ата-анасының үйіне 28 бала қайтарылды.
2021 жылы биолгиялық отбасының тәрбиесіне 48 бала қайтарылды.
2022 жылы биолгиялық отбасының тәрбиесіне 40 бала қайтарылды.
Аталған ақпарат оңтайлы нәтижені куәландырады және дағдарыстық бөлімнің басты мақсаты – биологиялық отбасына сақтау қызметін іске асырады.
Баласы мемлекет қамқорлығында орналасқан уақытта, анасында өмірлік жағдайын өзгерту мүмкіндігі бар, ол баласына жүйелі түрде келіп, кеңестік көмек көрсетуші мекеменің әлеуметтік қызметі және балалардың денсаулық жағдайын қадағалаушы дәрігерлермен байланыста болуға мүмкіндігі бар.
Дағдарыстық жағдайлардың себебі жетерлік, ең жиі кездесетін – ол материалдық демеушіліктің жоқ болуына әкелетін неке қарым-қатынасының бұзылуы, қылмыс істеу, емдеу-алдыналу мекемелерінде ұзақ мерзімді емге орналастырылуы, бұл жағдайлардың бәрін жоюға болады.
Қазіргі уақытта жалпы әлеуметтік мәселелер толық шешілмеген болып қалады, бірақ мемлекет қиын жағдайға тап болған отбасыларға көрсететін демеуі, соның ішінде біздің мекемеде баланы орналастыру, бұл мәселелерді ықшамдауға мүмкіндік береді.