Алғыс айтамыз

Балалар үйінің әкімшілігі, Астана қаласы әкімдігінің «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК оқушылары мен Абилхан Томирис Ерболқызына, еліміздің болашағы – жас ұрпағымызды жанашырлық пен қамқорлыққа тәрбиелеп, ізгілікке бастайтын игі бастаманы қолға алып, 

Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. Бұл қасиет адамды мейірімділікке үйретеді. Мейірімділік – бұл ешбір қызмет, алғыс немесе мадақтауды талап етпей, риясыз көмектесуге ұмтылу.

Балаларға деген ерекше мейірім мен жылулықты беретін, біздің балалар үйінің ұжымы десек қателеспейміз. Осы ретте ерекше атап кететін, ол біздің бағбан Орал Төлегенұлы.

Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет.

Жақсылық – игілік атаулының түп бастауы болғандықтан, ол қашан да әлемге жылу сыйлайды.

Бақытты балалық – дені сау дамушы қоғамды қалыптастырудың айнымас шарты. Ал балаларға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық көрсету.

Балалар үйінің ұжымы мен сәбилері ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Құспеков Олжас Хайроллаұлына балғындарымызға арнап беріп жіберген, жаңа жылдық сыйлықтары үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз.