Біздің балалар үйінің ұжымы, Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа

толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сіз Мамандандырылған балалар үйінде  адал  еңбек етіп келесіз.

Ұжым  ортасында сыйлы әріптес, отбасында мейірімді ана бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз.

Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!  Жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған үлкен мақсаттырыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңызға жетуіңізге тілектеспіз. Сізді тек биіктерден көрейік. Шаңырағыңызға құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңызға – амандық, денiңізге – саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманыңыз – асқақ, шығар биігіңіз асқаралы болсын!

60 жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!

Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой – беделге ие болған тәжірибелі, үздік мейірбике ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді құрмет тұтып үлгі көреді. Осы қуанышты сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Біздің Мамандандырылған балалар үйінің ұжымы, Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы, жылы жүректі әріптес ретінде жақсы білеміз.

Еңбегіңізге зор алғыс білдіре отырып, өміріңізге бақыт, табыс және отбасыңызға береке бірлік тілейміз. Өміріңіз жылылық пен шаттыққа, нұрлы күндерге толы болсын!

Біздің балалар үйінің ұжымы, Сізді адам өмірінің айтулы белесі –  60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Тыңбай еңбек етіп келе жатқан қызметіңізде, өзіңіздің тәжірибелі маман екеніңізді жан- жақты көрсете білдіңіз. Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің  саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Асыл жарыңыздың, ұл-қызыңыздың, немерелердің ортасында ардақты әже-ата  болып, өркендей беруіңізге тілектеспіз! Ізгі тілекпен: Мамандандырылған балалар үйінің ұжымы.