Ең алғашқыда келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

  1. Сіз ана және әке атануға дайынсыздар ма?
  2. Бұл баланы өз баламдай сүйе аламын ба, баламен байланысты қиындықтарды жеңе аламын ба?
  3. Егер мен бұл сұрақтарға «дайынмын» деп жауап берсем, онда баланы асырап алуға қажет құжаттарды дайындау керек.

Ал бұл үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  1. Қалалық Білім басқармасында орналасқан қамқоршы және қорғаншы органына баруыңыз қажет (Бейбітілік к-сі 11 үй, телефон: 55-68-79)       
  2. Барлық құжаттарды жинастырғанна кейін, rbd-kopd.kz сайтына кіру үшін сіздің ЭЦҚ (электронды цифрлі қол) қажет, сонымен қатар сол сайтта жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға үміткерлердің порталға кіру бойынша нұсқаулық бар. Сол нұсқаулықпен танысуыңыз қажет;
  3. Одан кейін, Сізге қажет критерийлер бойынша баланы тандап, баланың мәліметтерін көру үшін баланың анкетасын ашу қажет;
  4. Жетім балалар реестрімен әрі қарай жұмыс жасау үшін және басқа балалардың анкетасын көрі үшін ашылған анкета  бойынша шешім қабылдау қажет (Сіз бұл баламен танысуға жазылуыңызға болады, бас тартуыңызға немесе анкета бойынша шешімді кейін қабылдау үшін сұрыпталған тізімге қосуыңызға болады);
  5. Сізді қызықтырған балаға келу үшін «танысуға кезекке тұру» («встать в очередь на знакомтсво») батырмасын, егер бала белгілі бір критерийлеріңізге сәйкес келмесе, онда «бас тарту» («отказ») батырмасын басуыңыз қажет;
  6. «Танысуға кезекке тұру» («Встать в очередь на знакомтсов») батырмасын басқаннан кейін, портал Сізге автоматты түрде «танысу мақсатында баруға берілген жолдама» («направление на общение с целью знакомтсва») береді. Жолдаманы жүктеп, қағаз бетіне басып шығарып бала орналасқан мекемеге ұсынуыңыз қажет. Бұл жолдама баламен танысуға құқық береді.
  7. Баламен танысқан күні, егер бала Сіздің барлық критерийлеріңізге жауап беріп, ұнаса, міндетті түрде баламен танысқан күні Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, сол балаға қайтадан басып, «араласуға кезекке тұру» («встать в очередь на общение») батырмасын басу қажет. Портал «баламен араласу мақсатында баруға берілген жолдама» («направление на посещение ребенка с целью общения») береді, оны да қағаз бетіне басып шығарып, баламен 2 апта ішінде араласу үшін бала орналасқан мекемеге беруіңіз қажет. Бұл жолдама баламен араласу құқығын береді.
  8. Баламен 2 апта ішінде араласқаннан кейін, балаға келудің соңғы күнінлде Сіз «асырап алуға келісім», «қамқорлыққа келісім», «патронатты тәрбиеге келісім» батырмасын басуыңыз қажет. Егер Сіз «асырап алуға келісім», «қамқорлыққа келісім», «патронатты тәрбиеге келісім» батырмаларын баспасңыз, онда басқа үміткерлер ол баламен танысып, араласу құқығына ие болады.
  9. Соңғы кезең, Балалар үйінің әкімшілігі өз тарапынан сотқа тапсыруға қажетті құжаттарды дайындап, Сіз сотқа тапсыруыңыз үшін қолыңызға береді.

!!! «Аға, апалары» бағанына назар аударуыңызды сұраймыз. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 90 бабы, 2 тармағына сәйкес, Асырап алу балалардың мүдделерiне сай келетiн және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi (қарындастарды) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.

Сәттілік тілейміз!


Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінен үзінді

13-тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУ

84-бап. Асырап алуға жол берілетін балалар

1. Тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі.

Бұл ретте баланың жас мөлшері, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі.

2. Жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:

1) қайтыс болған;

2) баладан бас тартқан;

3) ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;

4) туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;

5) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;

6) белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.

3. Осы баптың 2-тармағының 1) — 3), 5) және 6) тармақшаларында аталған, Республикалық деректер банкінде есепте тұрған балалар азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, балалардың туыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырап алуға берілуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Республикалық деректер банкінде орталықтандырылған есепте тұрған балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға берілуі мүмкін.

Баланы туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алмаған жағдайларда ғана Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Республикалық деректер банкінде орталықтандырылған есепте тұрған балалар шетелдіктерге асырап алуға берілуі мүмкін.

Шетелдіктердің бала асырап алуы туралы істерді қараған кезде сот азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан баланың туыстарының не Қазақстан Республикасы азаматтарының осы баланы бірінші кезекте асырап алу құқығын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының іске асырғанын анықтауға міндетті.

5. Шетелдіктердің бала асырап алуына балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасымен тең мәнді халықаралық міндеттемелері бар елдердің азаматтарына ғана рұқсат етіледі.

6. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

7. Осы баптың 2-тармағының 1) — 3), 5) және 6) тармақшаларында аталған балаларды асырап алуға беру туралы рұқсатты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган комиссия қорытындысы негізінде береді.

8. Комиссияның қызмет тәртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.

Ескерту. 84-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

85-бап. Балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың құқықтары мен міндеттері

1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемiнде екі апта тiкелей қатынасуға, баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын тексеріп-қарау актісін, жиынтық табыс мөлшері, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы туралы, сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуға міндетті.

2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім-балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алудың рәсімдері аяқталғанға дейін балаларды қорғаншылыққа немесе патронатқа алуға құқығы бар.

3. Бала асырап алуға үміткер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш, сондай-ақ арнайы уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар және бала асырап алу жөніндегі ұйымдар беретін, табыстары, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық хал-жайы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы, сотталмағандығы туралы, ықтимал ата-аналардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтамалар береді. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына құжаттарды табыс еткеннен кейін және асырап алушы баланы асырап алуға келіскен жағдайда асырап алушы баламен кемiнде төрт апта тiкелей қатынаста болуға тиіс.

86-бап. Бала асырап алушының құқықтары мен міндеттері

1. Бала асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға міндетті.

2. Бала асырап алушы баланың пікірін және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, баланы тәрбиелеу тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы және осы Кодексте көзделген талаптарды сақтауға міндетті.

Республика аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала асырап алушының жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем алуға құқығы бар.

Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда бала асырап алушы жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруға міндетті.

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Бала асырап алушы баланың пікірін ескере отырып, ол міндетті жалпы орта білім алғанға дейін білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.

4. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар бала он сегіз жасқа толғанға дейін жылына кемінде бір рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары - жылына кемінде бір рет асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті.

Жекелеген жағдайларда, есептерді ұсыну кезеңділігі бала асырап алушылардың отбасында қалыптасқан нақты ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының шешімі бойынша белгіленеді.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар есептерді бала асырап алушы және бала тұрып жатқан елде орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы ұсынады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар осы тармақта көзделген тәртіппен есептер ұсынбаған немесе уақытылы ұсынбаған жағдайда Қазақстан Республикасында бала асырап алу кезінде олардың мүдделерін білдірген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметі осы Кодекстің 112-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуға жатады.

Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.

Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.03.2014 № 180-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

87-бап. Бала асырап алу тәртібі

1. Бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.

Сот балаларды асырап алу туралы істерді бала асырап алушылардың өздерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік болып табылатын баланы асырап алған кезде баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ бұл аталған мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажет болса, асырап алуға баланың келісімін алуы қажет.

3. Бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын баланы асырап алуды жүргізуі оның тұратын жері бойынша жергілікті атқарушы органнан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткенге дейін оның ата-аналарынан асырап алуға алдын ала рұқсат алған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

4. Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратын шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағында асырап алуы осы Кодексте шетелдіктер үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

88-бап. Бала асырап алушылардың құқықтары мен міндеттерінің басталу кезі

Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.

Баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сот осы шешімнің үзінді көшірмесін бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші органға және шешім шығарылған жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберуге міндетті.

Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

89-бап. Асырап алуға жататын балаларды және балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу

1. Асырап алуға жататын балаларды есепке алу осы Кодекстің 117-бабының 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргiзедi.

3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi жүргiзедi.

Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

90-бап. Бірнеше бала асырап алу

1. Бiр адамның ағалы-iнiлi және апалы-сiңлiлi (қарындасы) болып табылатын немесе бір-бірімен өзара туыстық қатынасы жоқ бiрнеше баланы асырап алуы мүмкін.

Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлiлердің (қарындасының) арасындағы сияқты құқықтар мен мiндеттер туындайды.

2. Асырап алу балалардың мүдделерiне сай келетiн және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi (қарындастарды) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.

91-бап. Бала асырап алушы болуға құқығы бар адамдар

1. Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бітімі, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етiледi.

2. Мыналарды:

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;

3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi;

7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;

9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 14) тармақшасында аталған адамдарды;

10) азаматтығы жоқ адамдарды;

11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;

14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды қоспағанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.

3. Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырап ала алмайды.

Ескерту. 91-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

92-бап. Бала асырап алушы мен асырап алынушы бала арасындағы жас айырмасы

1. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуға тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін.

2. Өгей әкесi (өгей шешесi) бала асырап алған кезде, осы баптың 1-тармағында белгiленген жас айырмасының болуы талап етiлмейдi.

Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

93-бап. Бала асырап алуға заңды өкілдердің келісімі

1. Егер ата-ана құқықтарынан айрылмаған болса, баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет.

Кәмелетке толмаған, жасы он алтыға толмаған ата-аналардың баласын асырап алған кезде, сондай-ақ заңды өкілдерінің келісімі қажет.

Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған кезде немесе кәмелетке толмаған ата-аналар баланы туған кезде медициналық ұйымда қалдырған және үш айдан аса оның тағдырына ешкім қарайласпаған жағдайда, - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімі қажет.

2. Бала асырап алуға ата-аналардың келiсiмi нотариалды куәландырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын ұйымның басшысы не бала асырап алған жердегі немесе ата-аналар тұратын жердегi қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган растаған өтініште көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн.

Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн ата-аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға құқылы.

3. Ата-аналары туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім бере алады. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар сотқа асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды береді. Баланы өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған немесе баланы ата-аналарының келісімі бойынша туыстары асырап алған жағдайда, асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды талап етілмейді.

4. Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы балаларды асырап алу үшiн олардың қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.

5. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша тәрбиеленiп жатқан балаларды асырап алу үшiн патронат тәрбиешiлерiнiң жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.

6. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы балаларды асырап алу үшін осы ұйымдар басшыларының жазбаша нысандағы келісімі қажет.

7. Осы баптың 1, 4, 5 және 6-тармақтарында аталған адамдардың келісімінсіз, сот баланың мүддесінде оны асырап алу туралы шешім шығаруға құқылы.

Ата-анасының екеуі не некеде (ерлі-зайыптылы) тұрмаған анасы бас тарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімдеместен, медициналық ұйымда туған баладан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ үш жастан аспаған тастанды (ата-анасы бас тартқан) бала табылған кезде, ол қалдырылғаннан немесе табылғаннан кейін үш ай өткен соң сот баланың мүддесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуы туралы істі қарауға құқылы.

Ескерту. 93-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

94-бап. Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу

Егер ата-аналар:

1) белгiсiз болған немесе сот оларды қайтыс болған деп жариялаған, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;

2) сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныған;

3) сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған;

4) баламен бiрге тұрмаған және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен күтіп-бағудан жалтарған жағдайларда, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді.

Некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ананың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген, медициналық ұйымдағы баладан бас тарту туралы жазбаша өтініші болған кезде сот ата-аналардың баланы асырап алуға келісімін растайтын басқа да құжаттарды талап етуге құқылы емес.

95-бап. Баланың асырап алуға келісімі

Он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет.

Баланың асырап алуға келісімін ата-аналарының не баланың басқа да заңды өкілдерінің, прокурордың қатысуымен сот анықтайды.

96-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің бала асырап алуға келісімі

1. Егер баланы ерлi-зайыптылардың екеуi асырап алмаса, ерлi-зайыптылардың бiреуi баланы асырап алған кезде бала асырап алуға екінші жұбайдың жазбаша келiсiмi талап етiледi.

2. Егер ерлi-зайыптылар іс жүзінде отбасылық қатынастарды тоқтатқан болса немесе бiр жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса, бала асырап алуға екiншi жұбайдың келiсiмi талап етiлмейдi.

97-бап. Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі

1. Асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталуы мүмкін.

2. Егер бұл баланың мүдделерiне қайшы келмесе, асырап алынған балаға бала асырап алушының өтiнiшi бойынша бала асырап алушының тегi, сондай-ақ ол көрсеткен аты берiледi. Егер бала асырап алушы ер адам болса, асырап алынған баланың әкесiнiң аты - асырап алушының аты бойынша, ал баланы әйел асырап алған кезде, ол асырап алынған баланың әкесi ретiнде көрсеткен адамның аты бойынша айқындалады.

Егер бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың тектерi әртүрлi болса, бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың келiсiмi бойынша, асырап алынған балаға олардың бiреуiнiң тегi берiледi.

3. Баланы некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адам асырап алған кезде, оның өтiнiшi бойынша бала асырап алуды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу кезінде бала асырап алушының көрсетуi бойынша тууды жазу кiтабына асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi жазылады. Бала асырап алушының тілегі бойынша әкесі (анасы) туралы мәліметтер көрсетілмеуі мүмкін.

4. Бала асырап алу құпиясын талап ететін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты және тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн.

5. Асырап алынған баланың атының, әкесiнiң аты мен тегiнің өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.

98-бап. Асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы мен туған жерінің өзгертілуі

1. Бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету үшiн бала асырап алушының өтiнiшi бойынша асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жерi өзгертiлуi мүмкiн.

Үш жасқа дейiнгi баланы асырап алған кезде ғана асырап алынған баланың туған күнiн, айын, жылын өзгертуге жол берiледi.

Асырап алынған баланың туған жерін өзгерту Қазақстан Республикасы аумағының шегінде ғана жүргізіледі және баланың жасына қарамастан асырап алушының қалауы бойынша жол беріледі.

2. Асырап алынған баланың туған күнiнің, айының, жылының және (немесе) туған жерiнiң өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.

99-бап. Бала асырап алушыларды асырауға алынған баланың ата-аналары ретінде жазу

1. Бала асырап алушылардың өтiнiшi бойынша сот туу туралы актілер жазбалары кiтабына оларды өздері асырап алған баланың ата-аналары ретiнде жазу туралы шешiм қабылдайды.

2. Мұндай жазбаның қажеттiлiгi соттың бала асырап алу туралы шешiмiнде міндетті түрде көрсетiледi.

100-бап. Бала асырап алудың құқықтық салдары

1. Асырап алынған бала және оның ұрпағы - бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар мен олардың туыстары асырап алынған бала мен оның ұрпағына қатысы бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерінде шыққан тегi бойынша туыстарына теңестiрiледi.

2. Асырап алынған бала жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарынан айрылады және өзiнiң туған ата-аналарына қатысты мiндеттерден босатылады.

3. Баланы бiр адам асырап алған кезде, егер бала асырап алушы ер адам болса - анасының тiлегi бойынша немесе, егер бала асырап алушы әйел болса - әкесiнiң тiлегi бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар мен мiндеттердiң сақталуы мүмкiн.

4. Бала асырап алушы асырап алынған баланың меншiгiндегi мүлiктiң сақталуы үшiн жауаптылықта болады. Бала асырап алудан бас тартылған жағдайда, осы мүлiктi қайтару жөнiндегi мiндет те бала асырап алушыға жүктеледi.

5. Асырап алынған баланың ата-аналардың бiреуiмен немесе қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастарының сақталуы туралы бала асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.

6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген бала асырап алудың құқықтық салдары, осы баланың туу туралы актілер жазбалары кітабында бала асырап алушылардың ата-анасы ретiнде жазылуына қарамастан туындайды.

101-бап. Асырап алынған баланың жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығының сақталуы

Өзі асырап алынған кезге қарай ата-аналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарына, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығы бар бала осы құқықты асырап алынған кезде де сақтайды.

Ескерту. 101-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

102-бап. Бала асырап алу құпиясы

1. Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады.

2. Ата-аналары, туыстары, баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырған ұйымдардың және (немесе) бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, бала асырап алу туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған басқа да адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға мiндеттi.

103-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану

1. Бала асырап алу:

1) бала асырап алу туралы сот шешiмі жалған құжаттар негiзiнде қабылданған;

2) осы Кодекстің 93-бабында аталған адамдардың келісімінсіз бала асырап алынған;

3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) адам басқа жұбайының жазбаша келiсiмiнсiз бала асырап алған;

4) осы Кодекстің 91-бабының 2-тармағында көзделген ережелер бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады.

2. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

3. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы iстi асырап алушылардың, прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен сот қарайды.

104-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар

Асырап алынған баланың ата-аналары, бала асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқылы.

105-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың салдары

1. Бала асырап алу туралы сот шешiмi шыққан кезден бастап бала асырап алу жарамсыз деп танылады.

2. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерi үшін қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және бала мен оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi қалпына келтiрiледi.

3. Егер олар асырап алу кезінде өзгерсе, ата-аналардың талап етуi бойынша балаға бұрынғы аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi берiледi, сол сияқты бұрынғы туған күні, айы, жылы мен туған жері қалпына келтіріледі.

4. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап сот үш күн iшiнде осы шешiмнiң үзінді көшірмесін бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi.

106-бап. Бала асырап алудың күшін жою негіздері

1. Егер бала асырап алушы:

1) өзіне жүктелген ата-аналар міндеттерін атқарудан жалтарған;

2) ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған;

3) асырап алынған балаға қатігездік көрсеткен;

4) асырап алынған балаға күш қолданған немесе психикалық зорлық жасаған;

5) асырап алынған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаған;

6) маскүнемдікпен, нашақорлықпен және (немесе) уытқұмарлықпен ауырады деп танылған;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген бала құқықтарын бұзған жағдайда бала асырап алудың күші жойылады.

2. Сот баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, басқа негіздер бойынша да баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы.

107-бап. Бала асырап алудың күшін жою

1. Бала асырап алудың күшiн жою сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

2. Бала асырап алудың күшiн жою туралы iс бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады.

3. Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады.

Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде сот осы шешiмнiң үзінді көшірмесін бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi.

108-бап. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар

Баланың ата-аналарының, бала асырап алушылардың, бала асырап алушының жұбайының, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың баланың мүддесінде бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге құқығы бар.

109-бап. Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары

1. Сот бала асырап алудың күшiн жойған кезде, егер бұл баланың мүдделерi үшін қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және бала мен оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi қалпына келтiрiледi.

2. Бала асырап алудың күшi жойылған кезде бала сот шешiмi бойынша ата-аналарына берiледi. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-аналарына беру оның мүдделерiне қайшы келсе, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi.

3. Сот сондай-ақ баланың асырап алынуына байланысты оған берiлген аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталды ма, сондай-ақ бала асырап алу кезінде өзгерген туған күні, айы, жылы мен туған жері қалпына келтірілді ме деген мәселені шешеді.

Он жасқа толған баланың аты, әкесiнiң аты немесе тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертілуі мүмкiн.

4. Сот баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, осы Кодекстің 139 және 141-баптарында белгiленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуге мiндеттеуге құқылы.

110-бап. Асырап алынған бала кәмелетке толған соң бала асырап алудың күшін жоюға жол бермеу

Бала асырап алудың күшiн жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың, сондай-ақ егер ата-ана құқықтарынан айырылмаған не олар шектелмеген немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп танымаған асырап алынған баланың ата-аналары тiрi болса, олардың өзара келiсiмi болған жағдайларды қоспағанда, егер бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қойылған кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, бала асырап алудың күшiн жоюға жол берiлмейдi. 

ЕСКЕРТУ!!! Балалар үйінің әкімшілігі баланы асырап алғаннан кейін генетикалық-тұқым қуалаушы аурулардың пайда болуына жауап бермейді.