Алғыс айтамыз

2022 жылдың 05 наурызында бүлдіршіндеріміз Астаналық циркке барып, әртістер мен жануарлардың өнерін тамашалап қайтты.

Ақпан айының 22 жұлдызында Нұрсауле Нұрбекқызының қолдауымен балалар үйінің бүлдіршіндері үшін «Ailand» отбасылық демалыс орталығына экскурсия ұйымдастырылды.

21.02.2022 жылы балалар үйінің тәрбиеленушілері итальяндық «Перчини» мейрамханасында болды.

«Перчини» мейрамханасында біздің тәрбиеленушілеріміз келгенге дейін барлығы дайын болып, мейрамхана ұжымы бүлдіршіндерімізді қонақжайлылықпен қарсы алды.

Адам бойындағы жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік, қайырымдылық. Жақсы қасиеттерге ие жанашыр жастардың, түрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерімізге деген қамқорлығы, жақсылық жасауға ниеттілігі көңіл қуантады.