Алғыс айтамыз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде, 2022 жылғы 01 наурызда, көктемнің алғашқы күнінде, жарқын да мейірімді мерекелердің бірі – «Алғыс айту күні» мерекесі аталып өтті!

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру ісінде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі.

Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің бірі. Жүрегі мейірімге толы жанашыр жандарға Жаңа жылдық сыйлықтарымен біздің үйіміздің кішкентай тұрғындарын қуанышқа бөлеп, мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз.