Кішкентай бала – ұшқалақ болатының ұмытпау қажет. Онда тиым салынған нәрселерді істемеу дағдылары әлі қалыптаспаған. Бала барлық жерге кіріп, жаңа затты танып, ұстап, заттардың құрамын анықтап, және жай ғана ересек адамның әсерін тексереді.

Кішкентай балалар кей кезде басқа балалармен тіл табыса алмауы мүмкін: оларды ұрып, келісе алмайды. Не істеуге болады?

Бала өз іс-әрекеттерінің зиянды мағынасын әлі түсінбейді, бірақ ол оны қоршаған ортадан көшіріп алды. Агрессивті тәртіп - өзіне көңіл аударту тәсілі болуы мүмкін. Агрессияны ылғи қойылатын тиымдар, ересектердің ескертулері қатайтады, ал өзінің теріс эмоцияларын бала кінәліге емес, өз құрдастарына жолдауы мүмкін. Агрессияға қатты жаза да ықпал етуі мүмкін. Балаға мейірімділік пен махаббат сезімдерін беру өте қажет – ол агрессияның алдын-алады.

Бала өзінің түйсігіндегі жүгенсіз талаптарынан тек қана махаббат үшін бас тартады деп Австриялық психиатр айтқан. Ол сезім - ең жаман ұмтылыстарын бөгеп, оларды жоя алады.

Кішкентай бала кез кезде қыңырлайды, қыңырлармен қалай күресуге болады?

Кішкентай баланың табиғаты сондай, яғни оның ынтызарлары көп, және олар жылдам ауысады. Бала кейде өзінің тілектеріне себептер көп болғанының ермек етеді. Бірақ, ересек адам оның барлығын қанағаттандыру міндетті емес. Ондай болса, неге оның бір тілегің орындай алмайсыз. Баланы ақырындап өз-өзіне шектеу қоюға үйрету «тежегіш» процессін құрады.

Балаға оның еркелігі үшін ренжімеуге тырысыңыз, кейде ересек өзі қызың не ұлың айғайдан кейін ғана тыңдағанына бейімдейді. Бала тілегін орындағанда ол ашуланғанға дейін күтпеңіз. Екі жаста бала адамдармен қарыс-қатынаста қолданатын әлеуметтік дағдылар жүйесіне ие болады. Ол қорқыту немесе анасының талаптары не екенін біледі: елемей қоятын бос сөздер ме, әлде айтқаның бірден істеу керек пе, не болмаса күте тұруға болады ма.

Балалар ересектер арасында келісушілік пен тиымдардың жүйелілігі жоқ отбасыларда жиі еркелейді. Баланың қыңырлығы оның қоршаған адамдармен тілдесуі қажеттілігінен(қарым-қатынасы), яғни сол қажеттілікті қанағаттандыра алмағандықтан пайда болады. Қыңырлайды, себебі әлі өзін-өзі алдандыра алмайды. Баланың көңілін аударыңыз, онымен ойнаңыз, өз бетімен ойнауды үйретіңіз.

Балалар кейде ересектердің тиымдарына түсініксіз әсер етеді. Қатты бірдене айтсаң, бірден жылай бастайды. Не болып жатыр?

Бала өмірінің алғашы үш жылында оның эмоционалды дамуының үдемелі кезеңі болады. Баланың психикалық дамуы өзін индивидуум ретінде бөлетін шекке жетті, бірақ сол кезде ол дарашыл, өзін болып жатқан құбылыстын назары деп санайды. Егер ересектер баланың өскенің мойындамай, мазақпен айтса балалар ренжиді. Бұл баланы ашуландырады, ол ашушаң, безмаза, ұялшақ болады. Сәби көңіл мен қуаттауға өте мұқтаж. Мақтай отырып, біз оның эмоционалды жағдайының қолайлы болуын қамтамасыз етеміз.

осылайша, Қымбатты ата-аналар, өз балаларыңызды жақсы көріп, оған көп көңіл аударып, онымен жиі бірге болыңыз.