Мәслихат депутаттарына ризашылығымызды білдіреміз

Маусым 03, 2022

Әрбір бала қашанда бақытты балалықты сезінуі тиіс. Олардың шат-шадыман күлуіне, асыр салып ойнауына, балдәурен шақтың тәтті екенін сезінуіне әрбіріміз ықпал етуміз керек. Осындай мақсатпен «Балаларды қорғау күні» мерекесі аясында елордалық балалар үйіне арнайы келіп, керемет сыйлықтарымен бүлдіршіндерімізге қуаныш сыйлаған Қазақстан Республикасының Мәслихат депутаттары Орынбасаров Азамат Манасұлы мен Айтхожин Азамат Серікұлына, балалар үйінің сәбилері мен ұжымы атынан ризашылығымызды білдіреміз.

Құрметті Азамат Манасұлы және Азамат Серікұлы!

Сіздер сыйлаған ғажайып сыйлықтар балаларымызға шаттық, қуаныш, бақыт сыйлады. Үйіміздің кішкентай тұрғындарын назарларыңыздан тыс қалдырмай, мерекеде арнайы келіп, балаларымыздың көзіне қуаныш жүрегіне жылу сыйлағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт тілейміз! Қолға алған әрбір бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, жетістікке жеткізсін.

Оқылды 182 рет