«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның ұжымына алғыс білдіреміз

Сәуір 27, 2022

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ ұжымы мен бүлдіршіндерінің атынан «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның ұжымына қайырымдылық көмек көрсеткені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Әрбір бала мейірімді, ықыласты, сүйіспеншілікті қажет етеді, ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мұны екі есе қажет етеді. Уақыттарыңызды бөліп, балаларымызға көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен ерекше мейірімдеріңіз бүлдіршіндерімізге жақсылықтың жарқын үлгісі болды. Үйіміздің кішкентай тұрғындарына көрсеткен қайырымдылықтарыңыз сіздерге жақсылық, табыс, екі есе бақыт болып оралсын.

Құрметті «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ ұжымы балалар үйінің әкімшілігі мен тәрбиеленушілердің атынан Сіздерге алғыс айта отырп, зор денсаулық, молшылық, кәсіби табыс пен жетістіктер тілейміз.

  • 01
  • 02
Оқылды 177 рет