Жалпы ережелер

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым.

Мекеменің түрі: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды, сондай-ақ туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі орталық жүйке жүйесі органикалық зақымданған балаларды тәрбиелеумен, күтіп-бағумен және медициналық көмек көрсетумен айналысады.

Мекеме «Денсаулық сақтау жүйесі мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы Әкімшілік кеңесінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 3-1-1341 шешімі негізінде құрылды.

Құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Астана қаласының әкімдігі.

Астана қаласы әкімдігінің 14.03.2013 жылғы № 106-373 қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – балалар үйі) туралы ереже бекітілді.

Өкілетті орган «Астана қаласының Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Мекеменің толық атауы: Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекеменің қысқартылған атауы: Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ.

Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Манас көшесі, №17/1.

Балалар үйі қызметінің мақсаты жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, некесіз туылған жас аналардың балаларына, сондай-ақ, ақыл-ой және дене дамуында кемістігі бар балаларға медициналық көмек көрсету және тәрбиелеу болып табылады.

Қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін топтардың келесі түрлері бар:

1) Қабылдау – карантин тобы

2) «Отбасылық» үлгідегі топтар

3) әртүрлі жастағы инклюзивті топтар

4) күндізгі топтар

 

«Күнім» және «Жұмбақ» тобы – әртүрлі диагнозы бар балаларға (церебральды сал ауруы, Даун синдромы) және оңалтуды қажет ететіндерге бейімделген. Топта физикалық, эмоционалды, сөйлеу, тактильді функцияларды қалпына келтіру үшін қосымша шараларды қажет ететін балаларға медициналық және педагогикалық оңалту жүргізіледі (15-тен аспайды). Топта көп салалы команда жұмыс істейді, оның құрамына ЕДШ мамандары, педиатрлар, логопедтер мен психологтар кіреді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

«Ботақан» тобы – өмірлік қиын жағдайға тап болған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға қолдау көрсету, баланың отбасымен байланысын сақтау және оларды әлеуметтік бейімдеу кезінде сүйемелдеу үшін құрылған топ.

Бізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы топ жоқ. Ерекше балалар әдетте қалыпты дамып келе жатқан балалармен бірге тұрады. Бұл ерекше балалардың өмірі мен дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.

Балалар үйінің функциялары:

1) баланы жеке басының құқықтарын, оның жеке даму еркіндігін, этномәдениет пен дәстүрлермен тығыз байланысты қамтамасыз ету және қорғау, кемсітушіліктің кез-келген түріне жол бермеу принциптерінде тәрбиелеу;

2) балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу әдісін енгізе отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде балаларға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету: осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес балалардың жай-күйіне ағымдағы медициналық бақылауды қамтамасыз ету, балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру;

3) өмірлік қиын жағдайда қалған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, оларды бала күтіміне үйрету.

Балалар үйінің қызметі: «туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикасының және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16278 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 1008 бұйрығымен регламенттелген.

Мақсаты: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Міндеті:

  • балалар үйінің негізгі міндеті туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикалық және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға тәрбиелеу, күтіп-бағу және медициналық көмек көрсету, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру, балаларды отбасына алып жүру болып табылады.
  • балаларды толық мемлекеттік қамтамасыз ету негізінде ұстау;
  • балалар үйінде болған кезеңде олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
  • балаларға үй жағдайына жақын, ақыл-ой, эмоционалды және физикалық дамуына ықпал ететін қолайлы жағдайлар жасау;
  • балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды, медициналық-әлеуметтік көмекті, кешенді медициналық-психологиялық және педагогикалық оңалтуды, олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету;
  • ата-аналармен (заңды өкілдермен), балалардың туыстарымен және басқа азаматтармен байланыста болу және сақтау.
  • балаларды отбасына орналастыру.