Бекболатова Жазира мен Абдукаримова Назкенге үлкен алғыс білдіреміз

Сәуір 28, 2022

Балалардың күлкісі мен олардың бақытты көздері әлемдегі ең үлкен байлық шығар.

Елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ұжымы атынан Бекболатова Жазира мен Абдукаримова Назкенге қайырымдылық көмектері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің жылы лебіздеріңіз бен ерекше мейірімдеріңіз балаларымыздың жүрегіне жылу, жүздеріне күлкі сыйлады.  

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, амандық, мол табыс, шексіз бақыт тілейміз!

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 172 рет