Алғыс айтамыз

Жаңа жыл – балаларымыздың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, сиқырға толы мерекесі. Жаңа жыл қарсаңында ерекше сыйлықтарымен  балапандарымызға қуаныш, шаттық, бақыт сыйлағаны үшін АО «Павлодарский речной порт», ТОО «QSM Engineering», TOO «IP partners компания «CLEVer» өкілдеріне шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Әлемге мейірім төгу – адамның ішкі сезімінің бір бөлігі. Мейірімді болу – өзге адамға жан жылулығы, ізгі ниеті мен лебізін білдіру. Ал балаларға мейірім мен қамқорлық көрсету – үлкен адамгершілік белгісі. 

Қамқорлық — жақсы адамның бағалы және керемет қасиеттерінің бірі. Тұлғаның қоршаған ортасындағы адамдарға деген деген қамқорлығы мен жәрдемін адамгершілігін көрсетуі.

«Бар жақсылық балаларға» - деп, мереке қарсаңында ғажайып тосын сыйлықтарымен балаларымызға қуаныш сыйлаған Каженов Дамир мырзаға, сәнді костюмдер мен әдемі көйлектер үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Мол табыс, шексіз бақыт, кәсіби өркендеу мен мықты денсаулық тілейміз.