Біздің жаңалықтар

Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы – балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлайтын мерекелік іс-шара. Елордалық балалар үйінің тәрбиешілері балаларымыздың білімдерін шыңдайтын түрлі қызықты ойын-сауық бағдарламаларын оқыту жоспарына сәйкес өткізуде.

«Күнім» тобының серісі Алижан 3 жасқа толды. Сүйкімді балапанды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Құрметті, Дария! Бүгін сенің туылған күнің – төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып – қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Дария, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

Бала кезде ертегіні естіп, ой-қиялына берілер сәттер көп болатын. Әр ертегі тәтті естелік пен бақытты бөлімдермен аяқталып, әр кейіпкер жаңа өмірдің тарауын бастайтын. Бүгін біздің «Балалар үйінде» ұлағатты ұстаздарымыз «Үміт» тобының тәрбиешілері, балаларды достық пен мейірімділікті бағалайтын, «Үш дос» ертегесіне көрініс қойды.