Біздің жаңалықтар

28.12.2022ж. біздің балаларымызды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, керемет сыйлықтарымен бақытта бөлеп, қуаныш сыйлау үшін Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин мырза келді.

Балдырғандарымызды көптен күткен сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мерекесімен арнайы құттықтау үшін бүгін біздің елордалық балалар үйіне Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мұратов Тимур Мұратұлы келді.

Бүгін — егіздеріміздің туылған күні. «Қуыршақ» тобының сымбатты бүлдіршіндері Керей мен Жәнібек 2 жасқа толды. Осыған орай, ардақты да асыл, қылықты да сүйкімді балапандарымызды шын жүрегімізбен бүгінгі мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз.

Жаңа жыл – баршамыздың асыға күтетін ең ғажайып мерекелеріміздің бірі. Әсіресе, бұл таңғажайып қызыққа, сиқырға толы мерекенің балалар үшін орны бөлек.