Біздің жаңалықтар

01.03.2023 жылы біздің балалар үйіне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ниязова Нурия Исмагиловна балаларымыздың тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы келді.

Ризашылығын білдіріп алғыс айтуды халқымыз бұрынғы заманнан хош көреді. «Ризашылық» білдірудің бірнеше әдістері бар: жылы жүзбен, іс-қимылмен және сөзбен. Өзге адамдар үшін бар ынтамен жасалған әрекеттің шынайы ризашылығын сезініп сүйсінесің.

Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген бала қуыршақ театрының қойылымын асыға күтеді. Қуыршақ театрының әр қойылымынан бала өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада». Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөздердің астарында үлкен мән жатыр. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.