Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы

Ақпан 03, 2023

Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы – балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлайтын мерекелік іс-шара. Елордалық балалар үйінің тәрбиешілері балаларымыздың білімдерін шыңдайтын түрлі қызықты ойын-сауық бағдарламаларын оқыту жоспарына сәйкес өткізуде.

«Бөбек» тобының тәрбиешілері ұйымдастыруымен «Бояулар мен түрлі түсті қарандаштар әлеміне саяхат» атты ойын сауық іс-шарасы өтті. Үйіміздің кішкентай тұрғындары түрлі түсті қарандаштар көмегімен бояулар әлеміне саяхат жасап, қызықты тапсырмаларды үлкен құлшыныспен орындап шықты. Бала қиялы мен арман-тілегі ұштасқан мерекелік іс-шара қызықты өтті. Балаларға қуаныш сыйлаған мерекелік шараның соңында жас суретшілерімізге тәттілер табыс етілді.

Тәрбиешілеріміз бүлдіршіндеріміздің жан-жақты дамуына көп күш салуда – мұндай маңызды жұмыс алғыс пен алғысқа лайық екені сөзсіз. Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері «Бөбек» тобының тәрбиешілеріне шексіз алғысын білдіреді. Осы атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңіздің тек жемісін көріңіздер. Отбасыларыңызға бақыт-береке, мол табыс тілейміз.

Оқылды 164 рет