Біздің жаңалықтар

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада». Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөздердің астарында үлкен мән жатыр. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде тағы бір күндізгі оңалту тобы ашылды. «Жұмбақ» күндізгі тобы біздің мекемеміздегі ашылып отырған екінші оңалту тобы. «Жұмбақ» тобының ашылу рәсімінің қызыл лентасын балалар үйінің директоры Цечоева Татьяна Александровна қиып, бүлдіршіндер жаңа топқа қадам басты.

Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар — біздің досымыз. Балапандарымызға үнемі құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғауды үйреніп, құстар туралы кең түсініктерін қалыптастыру мақсатында “Үміт” тобының тәрбиешісі Ақмарал Мырзахметова бүлдіршіндеріміз Ксения мен Эминге “Құстар біздің досымыз” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. 

«Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, оны істейді. Ойын ойнағанда балалар жанындағы нәселерді пайдаланады», – дейді Мағжан Жұмабаев.