Біздің жаңалықтар

Біздің «Үміт» тобының сұлу ханшайымы – Ксенияның туылған күні.

Туған күніңмен, Ксения! Өмірде бақытты күндерің мен керемет сәттерің көп болсын. Саған мықты денсаулық, бақыт пен сүйіспеншілік тілейміз. Әрқашан жолың болып, сәттілік серігің болсын. Саған өмір жолыңда тек ақылды, жақсы және адал достар кездессін. Бақытты бол!

10.02.2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Күнім» күндізгі оңалту тобының қоштасу ертеңгілігі өтті.

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың үйлесімді дамуына білікті мамандар арқылы көмек көрсету мақсатында ашылған топта үш айдың ішінде біршама жұмыстар жасалды.

09.02.2023 жылы «Ботақан» күндізгі тобының қоштасу кеші өтті.

Кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан-жағына таңырқай қарап, «Ботақан» күндізгі тобының табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің 6 ай уақыты лезде өтіп, қоштасу ертеңгілігінің куәсі болдық.

08.02.2023 жылы Астана қаласының «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ қызметінің 2022 жылғы қорытынды жұмысы бойынша Аурухана кеңесі өтті.