Біздің жаңалықтар

«Бөбек» тобының тәтті еркесі Нафиза бүгін 1 жасқа толып отыр. Балапанның туылған күнін біздің ұстаздарымыз ерекше дайындықпен құттықтады. Балапанымыздың өмір жасы ұзақ, әрі қуанышты сәттерге толы болсын деп тілейміз! Туылған күніңмен, Балапан!

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Бүгін балалаларымызбен бірге спорттық іс-шара өткізілді. 

«Түрлі-түсті» мерекелік кеш! Балалар үйінің ұжымы туылған күнге арнайы ұйымдастырған кеш, балаларды қуантып, жүздеріне күлкі, жүректеріне үміт, мейірім мен махаббат сыйлады. Әр бала, осы бір керемет кештің бас кейіпкері! Балалардың жүрегін жылу мен махаббатқа, қуаныш пен сенімге, арман мен мақсатқа толытырар болсақ, болашақтары да жарқын болмақ! Әр бейнеден қуаныш пен шаттықты, бүгінгі күннің естелігінен көре аласыздар!

Бүгін «Шиелім» тобының тәтті бүлдіршіні Темирлан 1 жасқа толып отыр. Балалар үйінің ұжымы «Тұсау кесер» мен «Түрлі-түсті» мерекелік кеш ұйымдастырып туылған күнді жоғары дәрежеде атап өттік! Балапанның тұсауын, ұжымның еңбекқор, адал, қамқор, Жанат ағамыз кесіп, ақ батасын айтты!