Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне алғыс

Наурыз 18, 2022

Бақытты балалық – дені сау дамушы қоғамды қалыптастырудың айнымас шарты. Ал балаларға қамқорлық  – ел ертеңіне қамқорлық көрсету. 

Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне және басшысы Ақылбай Арман Серікұлына керемет сыйлықтарымен, бүлдіршіндерімізді қуанышқа бөлеп, бақыт сыйлағаны үшін балалар үйінің ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.

Мейірімді жүректен шыққан ізгі ниетіңіз, қамқорлықтарыңыз балаларымызға жақсылықтың жарқын үлгісі болып, жүректеріне жылу, болашақтарының жақсы жанашыр жандардың қолдауымен жарқын боларына сенім ұялатты.

Балдырғандарымызға көрсеткен қайырымдылықтарыңыз, Сіздерге екі есе жақсылық болып қайтсын. Әрбір қолға алған бастамаларыңыз сәтті болып, жетістіктерге жеткізсін.

Сіздерге мықты денсаулық, табыс, шексіз бақыт тілейміз.

  • 01
  • 02
Оқылды 218 рет