Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратына алғыс білдіреміз

Наурыз 05, 2022

Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратына балалар үйі ұжымы, 8 наурыз мерекесі қарсаңында ұжымымыздың нәзік жандыларын мерекемен құттықтап, арнайы мерекелік торт сыйлап, көтеріңкі көңіл күйге бөлегені үшін алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің құттықтауларыңыз жүректерді жылытып, жақсы көңіл-күй сыйлайтын, мерекені одан әрі жарқын және қуанышты еткен керемет сыйға айналды!

Сіздерге мықты денсаулық, әрбір қолға алған бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілейміз.

Оқылды 212 рет