Алғыс айтамыз

Сыйлық ол – ілтипат. Бір адамның екінші адамға деген шынайы ықыласы мен ізгі ниетін білдіруі. Сыйлықтың қатқан жүректі жібітіп, оны жұмсартатын ерекше қасиеті бар.

«Бала адамның бауыр еті» дейді. Шынында, өмірден алғанымыздың ең жақсысын ішкі жан дүниемізбен осы балаларға бергіміз келеді. Жүректері жылуға толы, жанашыр, мейірімді жандар «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ - «Шаруашылық басқармасы» филиалы ұжымына мереке қарсаңында балаларымызға көрсеткен қайырымдылық көмегі мен қамқорлығы үшін  ризашылығымызды білдіреміз.

«Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады», – демекші, Жаңа жыл қарсаңында сәбилерімізді назарларынан тыс қалдырмай, мейірімдеріне бөлеп, керемет Жаңа жылдық сыйлықтарымен балаларымыздың жүрегіне жылу, жүздеріне қуаныш сыйлаған REM.KZ ЖШС-не және «ASIA PARK» директоры Андрей Петрович Чигаров мырзаға алғысымызды білдіреміз.

«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп жырлаған екен асқақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев. Расында, адам баласының ең бақытты шағы – балалық кезеңі. Бұл кезеңнің өзінің есте қаларлық ерекше сәттері болады. Соның бірі – Жаңа жыл. Ал өздеріңіз білетіндей Жаңа жыл сыйлықтарсыз өтпейді.