Алғысымыз шексіз!

Сәуір 13, 2022

Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет.

Жақсылық – игілік атаулының түп бастау болғандықтан, ол қашан да әлемге жылу сыйлайды. Ал жүрегі мейірімге толы жанашыр жастарымыздың бүлдіршіндерімізге көрсеткен қамқорлығы балдырғандарымызға жақсылықтың жарқын үлгісі болып, жақсы адам болып өсулеріне ықпал етеді.

Бүлдіршіндердің және балалар үйі ұжымы атынан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Сыдыков Ерлан Батташұлына, «Экономика және кәсәпкерлік» кафедрасы меңгерушісі Майдырова Айгүл Болатқызына, Экономика факультетінің 2-курс студенттеріне және кураторы Ауелбекова Айгүл Құрманбайқызына балаларымызға көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін үлкен алғысымызды айтып, ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге оқуда үлкен жетістіктер, мықты денсаулық, шексіз бақыт тілейміз.

Оқылды 182 рет