I-TORT кондитерлік желісіне және Айгерим Калеловаға үлкен алғыс білдіреміз

Сәуір 07, 2022

Мамандандырылған балалар үйі ұжымы мен бүлдіршіндері атынан I-TORT кондитерлік желісіне және Айгерим Калеловаға балаларымызға сыйлаған үлкен әрі әдемі торт үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Балаларымызға арналып жасалған жарқын түстермен безендірілген үш қабаттан тұратын торт балдырғандарымыздың көңілінен шығып оларға мерекелік көңіл күймен шексіз қуаныш сыйлады.

Сіздерге шығармашылық табыс, кәсіби өркендеу мен істеріңізге сәттілік тілейміз. Денсаулықтарыңыз мықты болып, шаңырақтарыңызда шаттық, қуаныш, бақыт орнасын.

Оқылды 204 рет