Біздің жаңалықтар

«Бөбек», «Үміт», «Шиелім», «Қуыршақ»  тобының тәрбиешілері Наурыз мерекесіне орай балаларымызбен бірге ойын сауық үлгісінде жанұя сағатын өткізді.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Төрлет, әз Наурыз!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекелік іс-шара барысында қазақтың ұлттық салт-дəстүрі «Бесікке салу» дəстүрінен үзінді көрсетіліп, Қыдыр атаның ақ батасын алған сүйкімді балалар, əрмен қарай қызықты ұлттық ойындар ойнап, тамаша көңіл-күймен қазақтың Жаңа жылын қарсы алды.

01.03.2023 жылы біздің балалар үйіне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ниязова Нурия Исмагиловна балаларымыздың тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы келді.

Ризашылығын білдіріп алғыс айтуды халқымыз бұрынғы заманнан хош көреді. «Ризашылық» білдірудің бірнеше әдістері бар: жылы жүзбен, іс-қимылмен және сөзбен. Өзге адамдар үшін бар ынтамен жасалған әрекеттің шынайы ризашылығын сезініп сүйсінесің.