Біздің жаңалықтар

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру.

Бүгін біздің балалар үйінде «Халықаралық мейірбекелер күніне» орай салтанатты іс-шара өтті.

Елордалық балалар үйінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Біз Жеңістің ұрпағымыз!» атты спорттық іс- шара өтті. Балалар спорттық эстафеталарда жүйріктілік пен жігерлікктерін көрсетті. Мерелік іс-шара жақсы деңгейде өтті.

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.

Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

Елордалық балалар үйінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне» арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті.