Керей мен Жәнібектің туған күні!

Желтоқсан 26, 2022

Бүгін — егіздеріміздің туылған күні. «Қуыршақ» тобының сымбатты бүлдіршіндері Керей мен Жәнібек 2 жасқа толды. Осыған орай, ардақты да асыл, қылықты да сүйкімді балапандарымызды шын жүрегімізбен бүгінгі мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз.

Қымбатты Керей, Жәнібек! Дендеріңе саулық, таза періште көңілдеріңе шаттық сезімін тілейміз. Жүздеріңнен шуақ кетпей, ғұмыр бойы мәз-мейрам болып, өмірдің қызығына тоймай, молшылыққа кенеліңдер. Мөлдір, тұнық көздерің әрқашан қуаныштан күлімсіреп, басқаларға жылулық пен қамқорлық көрсетуді, осы әлемде өз жолдарыңды табуды және ең бақытты жандар болуды тілейміз! Біз сендерді жақсы көреміз!

 

Оқылды 168 рет