Үлкен алғысымызды білдіреміз!

Желтоқсан 30, 2023

Бақытты балалық – дені сау дамушы қоғамды қалыптастырудың айнымас шарты. Ал балаларға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық көрсету.

Балалар үйінің ұжымы мен сәбилері ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Құспеков Олжас Хайроллаұлына балғындарымызға арнап беріп жіберген, жаңа жылдық сыйлықтары үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Балаларымызға арнайы сыйлаған әдемі ойыншықтарыңыз, қызықты кітаптар мен соңғы үлгідегі теледидар оларға үлкен қуаныш, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай ақ, балаларымызға арналған қызметтік көлікті жөндеуге қаржылық көмек көрсетіп, бүлдіршіндерімізге қолайлы жағдай жасап бергеніңіз үшін үлкен рахмет! Өзіңіз секілді қамқор жандардың қолдауы мен мейірімі, біздің бүлдіршіндеріміздің болашақта қоғамның толыққанды мүшесі болып, жақсылықтан үлгі алып, жақсы адам болып қалыптасатындарына сенім береді.

Құрметті Олжас Хайроллаұлы!

Сізді, Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төріңізден орын алсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке әкелсін!

 

Оқылды 60 рет