Алғыс айтамыз

Балаларға қамқорлық – еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі. Қоғамдағы қазіргі тренд қайырымды болуға жетелейді. Әлемдегі екінші ұстаз атанған Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатынан бастау алған ізгілік рухы қоғаммен бірге жалғасып келеді. «Адамның бір қызығы бала деген» деп, ұлы Абай айтпақшы, иісі қазақтың бойында балаға деген көңіл ерекше.

Астана қаласы әкімдігінің «Алматы» ауданы әкімдігіне балғындарымызға арналған  жаңа жылдық сыйлықтары үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Балаларымызға арнайы сыйлаған әдемі ойыншықтарыңыз, оларға үлкен қуаныш, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өздеріңіз секілді қамқор жандардың қолдауы мен мейірімі, біздің бүлдіршіндеріміздің болашақта қоғамның толыққанды мүшесі болып, жақсылықтан үлгі алып, жақсы адам болып қалыптасатындарына сенім береді.

Адамның қадірлісі  –  жомарт кісі. Жүрегіндегі жылуы мен қолындағы барын балаларымыздан аямайтын жомарт жандар бүгінде көп-ақ. Солардың бірі ТОО «А—Сталь Азия» ұжымына және директоры Степанова Елена  Александровна ханымға сәбилерімізге көрсеткен қайырымдылық көмек үшін алғысымызды білдіреміз.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі ЖШС «QSM inginiring» ұжымына біздің балапандарымызға арнайы әкелген сыйлықтары үшін және ерекше мейірімі үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі қолдауымен Круговых ЖК-нің «Черный Принц & Черный Граф» компаниясының балалар бөлімі, аниматорлар Ақшақар және Аяз атамен бірге елордалық балалар үйіне балаларымызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қуаныш сыйлау мақсатында арнайы келді.