Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Оқу орталығының курсанттарына алғыс

Мамыр 24, 2023

Адам – барлық ізгі сезімдермен қаруланған, жақсылыққа бейім, мәңгілікке құштар жаратылыс иесі. Әрбір адамның іс – әрекеті оның жан дүниесін бейнелейтін айна болып табылады. Өз іс-әрекетін рухына бағындыра білген жандар, әрдайым адамдық пен ізгілік жолынан ауытқымайды.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-і ұжымы мен сәбилерінің атынан, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Оқу орталығының курсанттарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы генерал-майор Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлына және Азаматтық қорғау академиясы оқу орталығының бастығы Азаматтық қорғау полковнигі Құсайынов Арман Манапұлына шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Сіздердің ынталарыңыз бен көмек көрсету ниеттеріңіз мекеме ауласының көркіні сән беріп қана қоймай, біздің үйдің кішкентай тұрғындарына сүйікті ойын алаңдарында көңілді серуендеулеріне мүмкіндік береді.

Сіздерге, мықты денсаулық, шынайы бақыт, сәттілік пен табыс, шаңырағыңызға шаттық тілейміз. Еңбегіңіз еленіп, толағай табыстарға жете беріңіздер! Әр күніңіз бақыт пен ізгілікке толы болсын!

Жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп қайтып, Сіздердің өмірлеріңізде жеңістер мен марапаттар көп болсын деп тілейміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091

 

Оқылды 107 рет