Біздің жаңалықтар
Бүгін елордадағы «Мамандандырылған балалар үйінде» «Ақ қанат» күндізгі оңалту бөлімінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Кездесудің мақсаты – балалардың денсаулығы мен дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдау.
Елордалық балалар үйінде «Алтын күз» мерекесі өтті. Кішкентай бүлдіршіндеріміз мерекеге бар ықылас-зейіндерімен, қызығушылықтарымен атсалысып, әсем күз мерекесін ерекше атап өтті.
Мерекелік бағдарламада балдырғандарымыз «Күз ханшайымы» және сүйікті кейіпкерлері Аюмен бірге ән айтып, би белеп, қызықты ойындар ойнап, ертеңгілікті есте қаларлықтай қызықты өткізді.
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйінде» жыл сайынғы дәстүрлі «Күзгі Қиял» атты қолөнер бұйымдары көрмесі өтті.
«Мамандандырылған балалар үйінде» маңызды өрт қауіпсіздігі оқыту жаттығуы өтті. Біз өрттердің алдын алуды және төтенше жағдайларда өзімізді қорғауды үйрендік.
Астана қаласы «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау капитаны Көшкімбаев Р.М., қызметкерлерімізге өрттің шығу себептерін, алдын алу жолдарын, автоматты өрт дабылы іске қосылғандағы әрекеттерді және «112/101» нөмірлеріне дұрыс хабарлау тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.