Біздің жаңалықтар

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-де қызметкерлер үшін маңызды ақпараттық сағат өтті. Адами ресурстарды басқару бөлімінің басшысы Айгүл Шабденовна «Қызметкерлердің Іскерлік этикасы» тақырыбында құнды мәліметтермен бөлісті.

07.10.2025 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-де «Мамандандырылған балалар үйіндегі педагог мамандардың жұмысы. Балалармен жұмыс жасаудың жаңа бағыттары» тақырыбында аурухана кеңесі өтті.

«Білімнің бастауы — мейірім мен қамқорлықта,

Ал мейірімнің мекені — балалар үйі.»

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің музыка залында Ұстаздар күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті.

03.10.2025ж. «Жұмбақ» күндізгі оңалту тобының қоштасу кеші өтті.

Үш ай көлемінде балалармен реабилитолог, невропатолог, дәрігер-педиатр, массажист, лфк инструкторы жұмыс жасады.

Ал балдырғандардың күтімі мен біліміне тәрбиешілер мен күтушілер, психолог, логопед, монтессори және музыка жетекшісі жауапты болды.