Бізге келген қонақтар

Наурыз 20, 2026

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-не біздің үйдің кішкентай тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, жағдайларынан хабар алу мақсатында Оразалина Динара Аманболқызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысы ардагерлеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директоры, Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары, Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты. Азамат Тұрсынбекұлы Өмірзақов – «AMANAT» партиясының мүшесі, Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымның депутаты арнайы жұмыс сапарымен келді.

Қонақтарымызға мекеме қызметі жайлы ақпарат берілді. Кездесу барысында қонақтар бассейн, физиотерапия, Монтессори кабинетін, сенсорлық кабинетті, логопед кабинеттерін көріп, балалар үйінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды оңалту және абилитациялау бойынша емдік дене шынықтыру залында жүргізілетін жұмыстармен танысты.

Құрметті қонақтарымыз балалардың өмір сүру жағдайымен танысып болған соң, балалар үйі ұжымына ризашылығын білдірді. Балалар үйінің жағдайы туралы сұрап, көмек қажеттігі жайлы, ұжымды мазалап жүрген жайттардың бар-жоғы жайлы сұрақтарын қойды. Балғындарымыздың өміріне жанашырлығы мен қолдауы үшін қадірлі қонақтарымызға ризашылығымызды білдіреміз.

Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және мол табыс тілейміз!

Оқылды 33 рет