Ұлттық музейде Ұлыстың Ұлы күніне орай «Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі» атты кең ауқымды мәдени іс-шара өтті.
Музей директоры Берік Әбдіғалиұлы музей қабырғасында Наурыз мерекесін атап өту тек дәстүрлі мерекелік шара ғана емес, ұлт мұрасын ұлықтау мен мәдени сабақтастықты нығайтудың маңызды көрінісі екендігін атап өтті.
Ұлттық музейдің жыл сайынғы игі дәстүріне сәйкес, іс-шара аясында «Тұсау кесер» рәсімі ұйымдастырылып, елордалық балалар үйінің бүлдіршіндерінің тұсауы кесілді. Рәсімге Қырғызстан, Бельгия, Румыния, Германия, Өзбекстан, Индонезия, Түрікменстан және Әзербайжан елшілігінің өкілдері, сондай-ақ Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігінің өкілдері қатысты. Іс-шараның құрметті меймандары қатарында Словакия, Франция, Ватикан, Украина, Солтүстік Македония, Сербия елшіліктері мен Үнді мәдени орталығының өкілдері болды.
Игі істердің ұйықтысы болып, “Тұсаукесер” қайырымдылық жобасын ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұжымы мен директоры Берік Әбдіғалиұлына балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ұлыстың ұлы күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс сыйласын!