Біздің жаңалықтар
Елордалық балалар үйінде «Арнайы қызметтерге мұқтаж отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету шаралары» тақырыбында «Ақ-қанат» күндізгі оңалту бөлімінің ата-аналарды қолдау мектебінің кезекті маңызды жиналысы өтті.
Кездесудің мақсаты – Ата-аналарды арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлерімен таныстыру, ата-аналарға психологиялық демалыс ұйымдастыру, эмоционалдық күйіп кетудің алдын алу және жан-жақты қолдау көрсету.
15 мамыр — 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық отбасы күні. Адам өмірі отбасынан басталып, азамат болып қалыптасуы да осы ортада жүреді. Отбасы — сүйіспеншілік пен құрметтің, ынтымақ пен тәрбиеңің мекені.
Балалар үйінде өткен отбасы апталығы аясында «Күнім», «Жұмбақ», «Шиелім» оңалту топтары мен «Ботақан» күндізгі тобының ұйымдастыруымен «Отбасы — бақыт мекені» атты отбасылық сурет көрмесі өтті. Көрмеде балалардың жылуға, бақыт пен махаббатқа толы отбасылық суреттері қойылды.
Іс-шараға белсенді қатысқан барлық аналарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «Сәнқой бүлдіршіндер» атты сән үлгісінің дефилесі өтті.
Іс-шараның мақсаты — балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бағдарлама барысында кішкентай балғындарымыз арнайы дайындалған сәнді киімдер шеруін көрсетті.
Мерекелік ертеңгілікке белсене қатысқан барлық топтарға шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Әсіресе, балалардың бейнесін ерекше етіп дайындауға күш салған тәрбиешілерімізге еңбектері мен жоғары белсенділіктері үшін алғысымыз шексіз!
12.05.2025 ж. біздің балалар үйінің ұжымы «Халықаралық мейірбекелер күніне» орай мейірбикелерімізді құттықтап ізгі телектері мен жылы лебізін білдірді.