Біздің жаңалықтар
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-де бүлдіршіндеріміз үшін заманауи жаңа ойын алаңы ашылды. Бұл күн біздің кішкентай тәрбиеленушілеріміз үшін нағыз мерекеге айналды!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «Төрлет, әз Наурыз!» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Мерекелік іс-шара барысында қазақтың ұлттық салт-дəстүрілері көрсетіліп, Қыдыр атаның ақ батасын алған сүйкімді балалар, əрмен қарай қызықты ұлттық ойындар ойнап, тамаша көңіл-күймен қазақтың Жаңа жылын қарсы алды.
Мерекелік шара ән-бимен көмкеріліп, бірлік пен береке ұғымдарының мән-маңызын айшықтай түсті.
Ұлттық музейде Ұлыстың Ұлы күніне орай «Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі» атты кең ауқымды мәдени іс-шара өтті.
Музей директоры Берік Әбдіғалиұлы музей қабырғасында Наурыз мерекесін атап өту тек дәстүрлі мерекелік шара ғана емес, ұлт мұрасын ұлықтау мен мәдени сабақтастықты нығайтудың маңызды көрінісі екендігін атап өтті.
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-не біздің үйдің кішкентай тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, жағдайларынан хабар алу мақсатында Оразалина Динара Аманболқызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысы ардагерлеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директоры, Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары, Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты.