Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-де бүлдіршіндеріміз үшін заманауи жаңа ойын алаңы ашылды. Бұл күн біздің кішкентай тәрбиеленушілеріміз үшін нағыз мерекеге айналды!
Салтанатты ашылу рәсіміне Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары — Арайлым Тлеуханқызы мен Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары — Гүлназ Төленқызы қатысты. Қонақтар бүлдіршіндердің дамуы үшін жаңа ойын алаңының маңыздылығына тоқталып, ерте жастағы балалардың дамуы ойын арқылы жүзеге асатынынатап өтті.