Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «Төрлет, әз Наурыз!» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Мерекелік іс-шара барысында қазақтың ұлттық салт-дəстүрілері көрсетіліп, Қыдыр атаның ақ батасын алған сүйкімді балалар, əрмен қарай қызықты ұлттық ойындар ойнап, тамаша көңіл-күймен қазақтың Жаңа жылын қарсы алды.
Мерекелік шара ән-бимен көмкеріліп, бірлік пен береке ұғымдарының мән-маңызын айшықтай түсті.
Сондай ақ, іс-шара барысында алғаш қадам басуға талпынған кішкентай екі балапанымыздың тұсауын «мінезі жайдары, ақылды, мейірімді, жігерлі болып өссін», - деген ізгі ниетпен Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаттары Азамат Тұрсынбекұлы мен Динара Аманболқызы кесті.
Балдырғандарға шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілейміз. Денсаулықтары мықты, болашақтары жарқын болсын!
Баршаңызды алдағы келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктемнің шуақты күндері Сіздерге мықты денсаулық, мол табыс, шаттық пен қуаныш, береке мен молшылық алып келсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!