Біздің жаңалықтар
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті.
Заңгер Жарылғапов М.М. біздің балалар үйінің қызметкерлеріне арнап танымдық дәріс оқыды. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушіліктің маңызды аспектілері талқыланды.
30 қыркүйекте «Балалардың сөйлеу қабілетін түзету құралы ретіндегі пәндік-кеңістіктік дамыту ортасы» тақырыбындағы маңызды вебинар өтті.
Спикерлер ретінде Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ мен Қарағанды қаласындағы «Шапағат» балалар үйінің тәжірибелі мамандары өздерінің практикалық жаңалықтарымен бөлісті.
Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүру фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.
Шілденің 18-і – әлемдегі ең ұлы тұлғалардың бірі, апартеидке қарсы күрестің символы, Оңтүстік Африканың тұңғыш демократиялық президенті Нельсон Манделаның туған күні. Бұл күн Халықаралық Нельсон Мандела күні ретінде аталып, Манделаның бейбітшілік, әділдік, теңдік пен адам құқықтарын қорғаудағы өмірлік мұрасын құрметтеуге арналған. Ол бүкіл әлемдегі адамдарды оның құндылықтарын өмірге енгізуге және қоғамға пайдалы істер жасауға шақырады.