Біздің жаңалықтар
Алтын-сары, қызыл-көк Алуан, алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Күзгі бақта шаттана, Жинаймыз біз саңырауқұлақ. Күз – саңырауқұлақтар маусымы. Дәл осы уақытта табиғат саңырауқұлақ терушілерге ең жомарт және әртүрлі пішіндегі саңырауқұлақ өнімін береді. Қызыл, сары, жасыл, қызғылт сары жапырақтарға толы алтын күзде саңырауқұлақтардың барлық дерлік түрлері пайда болады. Балаларымыз күз мезгілінде үйіміздің ауласында өсетін саңырауқұлақтарды жинағанды жақсы көреді. Әр түрлі пішіндегі саңырауқұлақтар, оларға қуаныш сыйлап, шаттыққа бөлейді.
13.10.2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт сөндіру қауіпсіздігі бойынша «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында оқыту жаттығуы өтті.
Балалар үйінің апта сайынғы жоспарлау жиынында директордың емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Анаргүл Нұқайқызы қаламыз бен еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін қызметкерлерге «Аманат» партиясының Алғыс хаттарын табыс етті.