«CAMRY Club Astana» алғыс білдіреміз

Маусым 06, 2022

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесі аясында, керемет сыйлықтарымен балдырғандарымызға қуаныш сыйлағаны үшін «CAMRY Club Astana» мен Асель Сериковнаға, балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.

Еліміздің ертеңі мен болашағы, балдырғандарымызға көрсеткен қайырымдылық көмектеріңіз бен қамқорлықтарыңыз Сіздерге екі есе жақсылық болып қайтсын. Істеріңізге сәттілік, баянды бақыт, мықты денсаулық тілейміз.

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 208 рет