ҚР Парламенті Сенатының депутаты келді

Мамыр 17, 2022

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не бүлдіршіндеріміздің тыныс-тіршілігінен хабар алу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы мен «Қазақ қызы» қыздарды мәдени-адамгершілікке тәрбиелеу институтының негізін қалаушы Әбден Қарақат Жақсылыққызы келді.

Балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетайқызы қонақтарымызды мекеменің қызметімен таныстырды. Мекемемен танысу барысында, құрметті қонақтарымыз ЕДШ, физиотерапия, оңалту кабинеттерінде, сонымен бірге бассейн, логопедтер мен сенсорлы кабинеттерінде  болды.

«Қоңырау» жанұя тобының кішкентай бүлдіршіндері қонақтарымызды жақсы көңіл-күймен қарсы алып, арнайы жасаған қолөнер сыйлықтарын естелікке берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы Елордалық балалар үйінің қызметін жоғары бағалады.

  • 01
  • 02
  • 03

 

Оқылды 179 рет