Тұсау кесу рәсімі

Мамыр 13, 2022

Әр халықтың өзіне тән ұлттық тәрбиесі бар. Сол секілді қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – тұсаукесер тойы.

Бүгін қасиетті жұма күні «Қоңырау» жанұясының сүйкімді бүлдіршіні Аянның 1 жасқа толу құрметіне орай тұсау кесу рәсімін өткіздік.

Алғаш қадам басуға талпынған кішкентай балапанымыздың тұсауын «Ертеңгі ел болашағының алтын көпіріне айналып, текті еліміздің тұғыры биік азаматы болсын», - деген ізгі ниетпен балалар үйінің директоры Сауле Кенжетайқызы кесті.

Тұсауы кесілген кішкентай азаматымыз – Аянды бүгінгі туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Қадамы құтты, өмір жолы жарқын болсын! Арайлап атқан әр таңы қуанышқа толы болсын! Өмір жолында сүрінбей, тек қана алға ұмтылсын, басына бақ орнап, жақсылық пен сәттілік серігі болсын!

  • 01
  • 02
  • 03

Оқылды 172 рет