Отбасы – бақыт мекені

Мамыр 10, 2022

Отанға деген сүйіспеншілік – отбасынан басталады.

Отбасы – мемлекеттің іргетасы, һәм ажырамас бөлігі. Елдің тұрақтылығы мен өсіп өркендеуі – отбасына байланысты. Дамыған дәуірде кез-келген шаңырақ тыныштық пен молшылықта өмір сүруі керек. Сонда ғана мемлекеттің діңгегі берік, керегесі кең болмақ.

15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні мерекесіне орай, Нұр-Сұлтан қаласының «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Жанұялық топтар» арасында «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық челлендж жарияланды, алғаш болып эстафетаны «Ботақан» күндізгі тобы мен «Күнім» оңалту тобы ашады.

Фото – челленджі «Шиелім», «Үміт», «Бөбек», «Қуыршақ», «Қоңырау»  топтарына жолдады!

Оқылды 224 рет