Мерекелік салтанатты іс-шара өтті

Мамыр 06, 2022

Бүгін Елордалық балалар үйінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9  мамыр – Ұлы Жеңіс күніне» арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік шарада патриоттық әндер шырқалып, Ұлы Отан соғысы сәттерінен көріністер қойылды.

Директор Сауле Кенжетайқызы балалар үйінің ұжымына жылы лебізі мен ізгі тілегін білдіріп, өзінің құттықтау сөзінде «Отан қорғаушылар күні – ұрпақтар сабақтастығы мен әскери дәстүрді жалғастырудың айшықты көрсеткіші болса, Ұлы Жеңіс – өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің қадір-қасиеті туралы өсиет айтатын айрықша мереке», - деп атап өтті.

9 мамыр – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгерлер мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін қастерлі мереке.

Құрметті Отандастар, Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және  9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Әрбір қазақстандық отбасыға мықты денсаулық, бейбіт өмір мен ашық аспан тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Оқылды 196 рет