Біздің балаларымыз үшін керемет жаңа жылдық сыйлықтар үшін мейірімді адамдарға алғысымызды білдіреміз

Желтоқсан 28, 2021

Әлемге мейірім төгу – адамның ішкі сезімінің бір бөлігі. Мейірімді болу – өзге адамға жан жылулығы, ізгі ниеті мен лебізін білдіру. Ал балаларға мейірім мен қамқорлық көрсету – үлкен адамгершілік белгісі. Балалар үйінің тәрбиенелушілері мен ұжымы атынан, бүлдіршіндерімізге ертегілер әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік беретін сәнді жаңа жылдық костюмдер мен ыңғайлы аяқ киімдер, пайдалы жемістер, жаңа жылдық керемет өзге де сыйлықтар түріндегі қайырымдылық көмек көрсеткені үшін – мейірімді жандарға шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Қайырымды істеріңіз жолдарыңызды жарық қылар шамға айналып, тек жақсылық пен жетістіктерге жетелесін. Сіздерге мол табыс, шексіз бақыт, мықты денсаулық тілейміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
  • 096
  • 097
Оқылды 220 рет