Жаңа жылдық бағдарламасымен «Мереке» қайырымдылық қоры келді

Желтоқсан 24, 2021

Жаңа жыл – балапандарымыздың қыс мезгіліндегі ең сүйікті мерекесі. Жаңа жыл қарсаңында балдырғандарымыздың көптен күткен мерекесі - Жаңа жыл қызықты өтіп, балғын балалық шағынан естелік болып қалсын деген ізгі ниетпен үйімізге өздерінің арнайы Жаңа жылдық бағдарламасымен «Мереке» қайырымдылық қоры еріктілері мен басшысы Арман Қайрат мырза қонаққа келді.

Мерекелік бағдарламада Аяз ата мен Қарша қыз, бүлдіршіндеріміздің сүйікті кейіпкерлері Фиксики балаларымызбен әртүрлі ойындар ойнап, қызықты тапсырмалар беріп, мерекелік жиынды думанды өткізді. Мерекелік іс-шараға жиылған балаларымыз Аяз ата мен Қарша қызға өнерлерін көрсетіп, тәтті сыйлықтар алды.

Аниматорлармен өткен шаттыққа толы мерекелік бағдарлама соңында, бүлдіршіндерімізге арналған тағы бір ерекше тосын сый – аквагрим болды. Түрлі-түсті жарқын бояулармен өрнектеліп салынға әдемі бейнелер, бүлдіршіндеріміздің нұрлы жүзін сұлуландырып, ерекше қуанышқа бөледі.

Уақыттарын бөліп, үйіміздің кішкентай тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй мен керемет мерекелік бағдарламасын ұйымдастырып, тәтті сыйлықтарын табыстап, ерекше қуаныш сыйлаған «Мереке» қайырымдылық қоры еріктілері мен басшысы Арман Қайрат мырзаға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
Оқылды 271 рет